Мұнай газын жеткізуге жетекшілік еткен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігі өкілі сұйытылған мұнай газын жеткізуге жетекшілік еткен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов ұсталғанын растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Ниязов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталды”, – деді Маңғыстау облысы Экономикалық тергеу департаменті өкілі. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны айтылды.