Атырауда жасырын казино жұмысын жүргізген топ анықталды. Жедел-іздестіру кезінде ойын фишкалары, карталар, 3300 АҚШ доллары мен 957 мың теңге және басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қаржылық мониторинг агенттігі облыстық департаментінің мәліметінше казинаға қатысы барлар өз әрекеттерін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.