Мемлекет басшысы азаптау мен қатыгездіктің алдын алуға қатысты заңға қол қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаптау, қатыгез қарым-қатынастың алдын алу және сотталғандардың құқығын кеңейту туралы заңға қол қойды. Құжат – сотталғандардың құқығын кеңейтіп, түрмедегі теріс субмәдениетке тосқауыл болады. Мұнда қатыгез қарым-қатынас үшін жауапкершілік қарастырылып, азаптау ісіне қатысты қылмыстық жазаның күшейетіні жазылған. Сондай-ақ, енді тергеу амалдары кезінде аудио және бейне таспа қолдану мүмкіндіктері кеңейтіледі. Заң сотталғандарға қосымша құқық береді. Оның ішінде ауыр сырқатқа шалдыққан қылмыскер жазасын өтеу мерзімін кейінгі қалдыру немесе босату туралы сот шешімі дереу орындалады. Сотталған әйелдерге баласын колонияда қалдыру мерзімі 4 жылға ұзартылды. Одан бөлек, енді бірінші рет сотталғандар жазасын бұрын сотталғандардан бөлек жерде өтейді.