Жазатайым оқиға Жамбыл облысында болды. Компанияның баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахтасының 42 және 21 жастағы үңгуші қызметкерлері жарақат алды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. “”Қазақмыс” компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады”, – деді компаниядағылар. Естеріңізге сала кетсек, “Қазақмыс” компаниясы қарашаның 22-сі №2 Жезқазған байыту фабрикасында 43 жастағы машинист әйел конвейерге қысылып қалып, қаза тапқан еді.