Жалған дипломмен ауылға барған мамандар анықталды

Олар жеңілдікпен миллиондап ақша алған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды бас прокуратура. Мұндай құқық бұзушылық бірнеше облыста анықталды. Айта кетері, “Дипломмен ауылға” мемлекеттік бағдарламасы 2009 жылы басталған болатын. Соның аясында ауылдық жерде еңбек етуге ниет білдірген мамандарға жеңілдікпен кредиттер мен өтеусіз жәрдемақылар ұсынылады.