Қазақстанға Грузиядан келетін көлік көбейді

Грузиядан Орталық Азия елдеріне көлік экспорттау 2 еседен асып кетті. Оның көбі Қазақстанға келеді екен, деп хабарлайды «Хабар 24». Одан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан тұр. Былтырғымен салыстырғанда, қазақстандықтардың Грузиядан сатып алған көліктерінің саны артқан. Бұл кейінгі 10 жылда болмаған ең үлкен көрсеткіш. Жалпы биыл Грузия автомобиль экспортынан 590 миллион доллар табыс тапқан.