Сеулдегі Хэллоуинде қаза болған ақтөбелік Мәдина Шерниязова Кореяда магистратурада оқып жүрген

29 қазанда Сеулде Хэллоуин мерекесі кезінде қаза болған Ақтөбе қаласының тұрғыны Мәдина Шерниязова Сеулдегі университеттің бірінде магистратурада оқып жүрген. Анасы Гүлбану Ешниязованың Азаттық тілшісіне айтуынша, Мәдина Хэллоуин мерекесіне бара жатып, әпкесіне видеобайланыспен хабарласқан. Достарымен бірге екенін, мерекелік көңіл-күйлерін көрсеткен. 26 жастағы Мәдина Шерниязова Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектепте оқыған. Татарстан астанасы Қазан федералды университетінің шығыстану факультетін корей тілі бойынша бітіріп, Сеул қаласындағы жоғары оқу орындардың біріне магистратураға түскен.