Қазақстан өңірлерінде 2000 шақырым су құбыры салынады

Қазақстан өңірлерінде 2000 шақырым су құбыры салынады. Ауыз суға қол жеткізе алмай отырған ауылдарды тіршілік нәрімен қамту үшін елде 2000 шақырым су құбыры салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды 24kz. Биылдың өзінде аталмыш бағытта 324 жобаны іске асыруға 218 млрд теңге қаражат бөлінеді. Осылайша, ауыл халқының 97,8%-ін ауызсумен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ биыл Шымкент, Державинск, Шемонаиха, Екібастұз және Шардара қалаларын толықтай орталықтандырылған су жүйесімен қамту жоспарланған. Келер жылы тағы 19 қалада сумен жабдықтау құрылысы жүргізіледі. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында халық саны 200 адамнан аз 810 ауылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок-модульдер орнатылады.