Қазақстан үкіметі енді коронавирустан қайтыс болғандардың санын аптасына бір рет жариялап отырмақ.
Бұл туралы 2 шілдеде өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
Енді ресми деректе вирус жұқтырғандар мен аурудан жазылып шыққандар саны күн сайын жаңарып, қайтыс болғандар саны бір апта бойы өзгеріссіз тұрады. Бұл тәртіп COVID-19 өлімі жөніндегі ресми дерекке қатысты күдік көбейген тұста енгізілмек.
“Комиссия өлімнің себебін кісі қайтыс болғаннан кейін анықтайды. Сөйтіп кісінің коронавирустен өлгенін біз бір-екі күн кешігіп білеміз. Біз мұны апталық форматта хабарлауды жоспарлап отырмыз” деді министр брифингте.
Министрлік бұл тәртіпке 30 маусымнан бастап көшуі мүмкін. Себебі COVID-19 өлімі туралы дерек 29 маусымнан бері жаңармады. Сол күні коронавирустан қайтыс болғандар 188-ге жеткен.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаназа намазы мен Құдайы астарды өткізу кезінде сақталуы тиіс талаптарды жариялады.
Талапқа сай, Жаназа намазына бір ғана діни қызметкер және Жаназа намазына тек отбасы мен жақын тумалар қатысады. Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмау керек, Бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспайды. Сондай ақ, Қонақ асы өткізілмеу керек немесе отбасы мүшелерімен шектелу керек.