Ауада белгісіз зат шашқан тікұшақтар қазақстандықтардың зәресін ұшырды

Куәгерлер кадрларды видеоға түсіріп, желіге жүктеген деп жазады KAZ.NUR.KZ. Кадрлардан тікұшақтың белгісіз зат сепкенін байқауға болады. Алдын ала болжам бойынша, олар Шымкент және Маңғыстау облысында ұшқан деп мәлімдейді “Астана” телеарнасы.

Қатты үрейленген қазақстандықтардың бір бөлігі тікұшақтар өсімдіктерге дезинсекция (жәндіктердер өңдеу) жасады десе, енді бірі бұл дезинфекция (микробтардан өңдеу) болуы мүмкін деп болжады. Ал үшіншілері қалада вирус таратып жүр деген шешімге келді.

Аталған жағдайға қатысты елдің Қорғаныс министрлігі пікір білдірді. Ведомство тікұшақтардың ешқандай зиянды заттар мен вирус таратпағанын хабарлады.

Одан бөлек, бұл ұшу аппараттары жәндіктерді улауға арналмаған. Қорғаныс министрлігінде күнделікті оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді. Белгісіз зат шын мәнінде өрт сөндіруге арналған су болып шықты.