Қазақстан үкіметі Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын 2023-2027 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кешенді жоспарын бекіткен. Мұны үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл хабарға қарағанда, 10 моноқаланыың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға арналған жоспар жасалған. Оның ішінде Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск қалалары бар. Үкімет жоспарында денсаулық сақтау, білім, спорт, инфрақұрылым, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені нысандарын салу және жөндеу көзделген. Осы мақсатқа 1,7 трлн теңге бөлу жоспарланған.