Желіде қаржы министрі “Ерұлан Жамаубаевтың полицейлерге ұсталған” суреті тарады

Суреттің астында министрді белгілі бір “Қазақстан банкі” сотқа бергені туралы жазылған. Бұған қатысты ведомство пікір білдірді. Бұл туралы stopfake.kz хабарлайды. Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі министрге қарсы сот ісі туралы ақпарат, сондай-ақ оның “ұсталуы” түскен сурет жалған екенін хабарлады. «Ескертеміз, көрінеу жалған ақпарат тарату құқыққа қайшы әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деді ведомствода