Қазақстан “Самұрық-Қазына” қызметкерлері үшін Қытай екпесінің 1 млн дозасын сатып алды. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Қытай екпесі “Самұрық-Қазына” қорының жұмысшыларына алынғанын хабарлады. Ал қор “екпеден қалса, халық арасында Қытай екпесін алғысы келетіндерге берілетінін” айтты. Қор “жұмысшылары мен олардың отбасына толық екпе салуды көздейді”. “СК-Фармацияның” мәліметі бойынша, Препаратты Пекиндегі Sinopharm компаниясының биологиялық өнімдер институты жасаған. Екпе өлтірілген вирустан жасалған және +2+8 градуста сақталады. Сәуір соңына дейін 400 мың доза, ал мамырда 600 мың доза жеткізу көзделген.