Коронавирус жұқтырғандар 2838 адамға көбейді, 26 адам қайтыс болды

27 сәуірде Қазақстанда 2682 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл туралы 27 сәуірде таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Дүйсенбі күні Алматыда 698 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Бұл республика бойынша бір күн ішінде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Денсаулық министрлігі адам өлімі мен коронавирус пневмониясына шалдыққандарға қатысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялап келеді. 26 сәуірде 26 адам қайтыс болған: 22 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады. 2020 жылдың наурыз айынан бері Қазақстанда 314 082 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3621 адам коронавирустан қайтыс болған. Бұл статистикаға “коронавирустан емес, басқа аурудан қайтыс болды” делінген мыңнан астам адам (кемінде 1619 адам) өлімі енбей қалған.