Өрттен бес кенші қаза тапты. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов осылай деді. Ол мұндай өртті сөндіру бір айдан бір жылға дейін жалғасуы мүмкін екенін айтты. “Шахтада конвейерлік таспа тұтанып, артынан өрт көмір қатпарларына ауысқан. Ондай өртті өшіру үшін алдымен жан-жақтан жауып, ауа жібермеуге тырысады. Арнайы бөгеттер қойылады. Оны гипстен жасайды. Қалыңдығы 1-3 метр болуы мүмкін”, – деді Шәріпханов брифингте. Министрдің айтуынша, “Қазақстан” шахтасында 25 бөгет орнатылды. Ал арнайы тесіктер арқылы өрттің бар-жоғы тексеріледі.