Қазақстан Тәжікстанға өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарын жібермек

Қазақстан Тәжікстанға өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарын жібермек. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова бұл мәселені қарастырып жатқандығын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Вице-министрдің айтуынша, бұл аппарат стационарда емес, жедел жәрдем бригадасында науқастарды тасымалдағанда пайдаланылады және аппарат Ақмола облысында жасалады.

Қоса кетсек, ақмолалық өндірушілер түрік компаниясымен бірлесіп, стационарда пайдаланатын өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын шығаруды жоспарлап отыр.