Елде жерлеу рәсімі көбейген

Елде жерлеу рәсімі көбейген. Бүгінде тапсырыс үш есеге артқан. Жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтағылар осылай дейді. Алматыдағы Кеңсай қорымында жер қазып жатқан қабіршілер көбейе түскенін КТК телеарнасының тілшілері де көз жеткізген.

Оңтүстік астанадағы жерлеу рәсімі орталығының өкілі Марат Исмаиловтың айтуынша, қазір күніне орташа есеппен 80 адамды соңғы сапарға аттандырады. Бұрын күніне 27-28 адам қайтыс болатын дейді.