Қазақстан және Түркия арасында халықаралық рейс маусым соңында қайта ашылады

Қазақстан мен Түркия арасында халықаралық рейсті маусым айының соңында жандандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Осы маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасында халықаралық рейсті қайта ашу көзделген”, – деді Атамқұлов. Айтуынша, эпидемиялогиялық жағдай әрі қарай жақсарса, басқа елдермен де әуе қатынасы жанданады. Өткен тәулікте елімізде коронавирус ауру белгісі бар 215 адамнан және ауру белгісі жоқ 339 адамнан анықталған. 361 адам жазылып, 2 адам қайтыс болған.