Алматы облысында жол апаты болып, бір адам көз жұмды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты салдарынан бір адам қайтыс болды. Жарақаттанған екі жолаушы ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жағдай “Үңгіртас – Көкқайнар” тас жолында болды. Куәгерлердің айтуынша, “Киа Серато” көлігін басқарған жүргізуші бұрылыста рөлге ие бола алмай қалған.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жеткенде көліктен алыс жерден жас жігіттің денесі табылған. Бұл 18 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны. Жарақат алған екіншісі жергілікті ауруханаға жеткізілді. Жол апаты кезінде көлік тізгінінде 16 жастағы Жамбыл ауданының тұрғыны болғаны анықталды. Оның да жағдайы ауыр.