ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жаңартылған құрамда Үкіметтің алғашқы отырысын өткізді. Республика бойынша вирустың репродуктивтік көрсеткіші 1,1-ді құрайды. Инфекциялық төсек орындардың жүктемесі – 32%, реанимациялық төсек орындар – 23%. QazCovid-in отандық вакцинасы клиникалық сынақтардың III кезеңінен өтуде (алдын ала тиімділігі – 96%). «Спутник V» вакцинасының сапасын аттестаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. GMP стандарты бар вакциналар шығаратын биофармзауыт салынып жатыр. «Бүгінгі таңдағы ең маңызды міндет – халықты жаппай вакциналауды ұйымдастыру», – деді А.Мамин. Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, 1 ақпаннан бастап медициналық ұйымдардың халықты «Спутник V-мен» жаппай вакциналауды бастауға дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.