Қазақстанда 34 блокбекет қойылды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан бойынша 34 блокбекет қойылғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Министрлік бұрынғы режимде елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау органдарына шектеу шараларының сақталуына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда жекелеген өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің шешімдері негізінде 15 блокбекет қойылды. Алматы облысында – 9, Қостанай облысында – 4, Ақтөбе облысында – 2 және Атырау облысында 4 блокбекет бар. Карантин іс-шараларына 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылды. 290 карантин нысанын қоршалды”, – деді Тұрғымбаев Үкімет отырысында.