Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған шәкіртақыны өсіру туралы үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Жаңа нормаларға сәйкес, колледж студенттеріне арналған шәкіртақы 50% – ға артып, сұраныстағы кәсіптер үшін 43 574 теңге және орта буын мамандары үшін 41 896 теңге болады. Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға көбейіп, 47 135 теңгеге жетеді. Ал педагогикалық және медициналық бағыттағы студенттер -75 600 теңгеге дейін алады.Магистранттар мен докторанттардың да шәкіртақылары тиісінше 15% – ға өспек. Олар 107 061 теңге мен 240 000 теңге аралығында болмақ.