Қазақстанда -26 градусқа дейін суық күтілуде

Алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде -26 градусқа дейін аяз болады. 17-19 қараша аралығында елдің оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидромет РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады. Антициклон салдарынан ауа температурасы төмендейді.

Мамандардың сөзінше, еліміздің солтүстік аймақтарында түнде -18 -26 градусқа дейін, ал оңтүстік өңірлерде -5 -15 грдаусқа дейін аяз болады деп күтілуде. Одан бөлек Қазақстанның кейбір өңірлерінде тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ, солтүстік бөлігінде бұрқасын болуы мүмкін. Еске сала кетсек, ішкі істер министрлігі жолдарда сақтық шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескерткен еді. Министрліктің хабарлауынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы – қыс мезгілінде орын алатын жол-көлік оқиғаларының басты себептері.