Ханкөл ауылындағы “елес”: полицейлер алғашқы нәтиже туралы айтты

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің өкілдері аудан әкімінің тапсырмасын орындаумен айналысатындарын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Таяуда Ғали Есқалиев ОКҚ брифингінде полицейлерге ауыл тұрғындарының есін шығарған елеске қатысты ақпаратты тексеруге тапсырма бергенін атап өткен болатын. “Қаратөбе ауданының учаскелік полицейлері Ханкөл аулының маңында көрген елеске қатысты тұрғындардан түсінік алады. Қазір біз әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қатысты тексеріс жүргізіп жатырмыз”, – деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.