Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, соның кесірінен мемлекетке шамамен 100 миллиард теңге салық төленбеген. Сондай-ақ бұл құқық қорғау органдарының ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жұмыстарына да кері әсерін тигізіп отыр. “Осы мәселені шешу үшін министрлік абоненттерді тіркеу кезінде биометриялық ерекшеліктерді қолдануды және “IMEI кодтарының дерекқорын” кеден қызметтерінің жүйесімен біріктіруді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұрланған телефондардың IMEI кодтарын тексеруге болады”, – деді ол үкімет отырысында.