“Арселор Миттал Теміртау” заңгерінің өлімі қызметіне қатысы бар-жоғы анықталып жатыр

Адвокаттың мәйіті пышақ жарақаттарымен өртеніп жатқан пәтерден табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері байқалған. Ал көршілерінің айтуынша, ол бірнеше жыл бұрын жесір қалғаннан бері жалғыз тұрады. Оқиға болған күні пәтерден ешқандай шу естілмеген. “Арселор Миттал Теміртау” компаниясының өкілдері де марқұмның жақындарына көңіл айтты. Олардың айтуынша, Ирина компанияда 15 жыл еңбек қатынастары бөлімінде, заңгерлік қызметте жұмыс істеген. “Шахтинск қаласындағы өрттен кейін зорлық-зомбылық пен өлім белгілері бар мәйітті табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстау шараларын жүргізіп жатыр”, – деді Қарағанды облысы ПД ресми өкілі Бақытжан Құдияров.