Қазақстанда 3 пойыз қозғалысы уақытша тоқтады

Қазақстанда 3 пойыз қозғалысы уақытша тоқтады. Жолаушылар билет ақшасын қайтаруға, немесе билетін басқа уақыттағы рейске ауыстыруына болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» мәлімдеді деп хабарлайды ktk.kz.

Тальго вагондарынан құрылған жолаушылар пойыздарына: № 19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Атырау» рейсі, № 95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Орал» рейсі, және № 701/702 «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» рейсі жатады.

Жолаушылар пойызының жүру кестесі, орындары мен ақысы туралы ақпаратты 105 анықтама қызметіне қоңырау шалу арқылы білуге болады. Қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін, ал ұялы телефоннан минутына 112 теңге тұрады.