Ресей Конституциясына түзету енгізу бойынша дауыс беру өтіп жатыр

Ресей Конституциясына түзету енгізу бойынша дауыс беру өтіп жатыр. Ол 25 маусымда басталды. 1 шілде – жалпыресейлік дауыс берудің негізгі күні. Учаскелер барлық аймақта ашық деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Дауыс санау жергілікті уақытпен 20:00-ден кейін жүргізіледі. Егер сайлаушылардың жартысынан көбі өзгертумен келіссе, конституциялық түзету нәтижелері ресми жарияланған күні күшіне енеді.

Дауыс беруге қатысу шегі белгіленбеген. Қоса кетсек, РФ президенті Владимир Путин Конституцияға тиісті түзетулер қабылданса, жаңа мерзімге президенттікке сайлауға түсетінін жоққа шығармады.