Үкімет басшысы Асқар Мамин 2021 жылы қағаз анықтамаларға қажеттілік толығымен жойылуы керек екенін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Премьер-министр елде смартфон қолданушылар саны өскенін, сол себепті мемлекеттік қызметтер мен сервистерді мобильді платформада көрсету қажеттілігі артып отырғанын айтты.
“Ең қажетті әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді мобильді форматқа көшіру жұмысын жандандыру қажет. Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметті eGov mobile-ға ауыстыру бойынша жоспар бекітуді тапсырамын. Жалпы 2021 жылы қағаз анықтамалардың қажеттілігін толығымен жоюымыз керек”, – деді Мамин.
Сондай-ақ, ол еңбек министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу процестерін цифрландыру үшін қажетті деректерді толық цифрландыру және жаңартуды тапсырды.