Алматыда бірнеше жаңа жол пайда болады

Фото: Sputnik

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алдағы екі апта ішінде Жаңа Алматы жолдарында жөндеу жұмыстарының аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осылайша, мегаполистегі жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 80%-ке дейін жетеді.

“Өткен жылдағыдай жұмыстың басым бөлігі Жаңа Алматыда жүргізіліп жатыр. Қаланың ықшам аудандарына айналған бұрынғы ауылдардың тұрғындары көлік және жаяу жүргінші жолдарының жоқтығы туралы бірнеше рет мәселе көтерген еді”, – деп жазды қала басшысы Instagram парақшасында.

Сағынтаевтың айтуынша, бұл мәселені шешу 2019 жылы қолға алынды. Орталықтан алшақ жатқан тұрғын аймақтарын инфрақұрылымдық жағынан қайта жаңғырту үшін бюджет нақтыланып, қаржы бөлінген.

“Алдағы екі аптада жол жөндейтін жұмысшылар осы жылға жоспарланған жұмыс көлемін аяқтауы тиіс”, – деп жазды Сағынтаев.