Қазақстанда автокөліктерді контрабандалық жолмен өткізген трансұлттық қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Олар жалған құжаттарда көлік бөлшектері деп көрсетіп, Ресейден Қазақстанға автокөліктер кіргізумен айналысқан, деп хабарлайды қаржылық бақылау агенттігі.. Күдіктілерді тінту кезінде 60 машинаға қатысты заңсыз әрекеттерді растайтын құжаттар, Ресей Федерациясының жалған техникалық паспорты мен мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді. “Мемлекетке келтірілген залалдың алдын-ала мөлшері шамамен 650 миллион теңгені құрайды”, – деп атап көрсетілген ақпаратта. Қазіргі кезде ұсталғандар екі айға дейінгі мерзімге қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.