Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 70 миллионға алданып қалды

Ақмолалық полицейлер Интернет көмегімен ақша пирамидасын ұйымдастырған алаяқ әйелді ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.48 жастағы көкшетаулық әйел 2020 жылы WhatsApp-та ақша пирамидасын ұйымдастыру үшін топ ашқаны анықталды. Онда Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар және басқа қалалардан 20-ға жуық адам болған.  Тәртіп сақшылары “Алаяқтық” бойынша соталды тергеу жүргізді.