Осындай бұйрыққа энергетика, қаржы және ішкі істер министрлері, ҰҚК төрағасы қол қойды. Құжат Қазақстан НҚА эталон бақылау банкінің ресми порталында жарияланды.
“Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ел аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін”, – делінген құжатта.