Қазақстанда бензин мен дизель отынын елден шығаруға тыйым салынады

Осындай бұйрыққа энергетика, қаржы және ішкі істер министрлері, ҰҚК төрағасы қол қойды. Құжат Қазақстан НҚА эталон бақылау банкінің ресми порталында жарияланды.
“Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ел аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін”, – делінген құжатта.