21 шілдеде Қазақстанда 5708 адамның коронавирус тесті оң көрсетті. Індет басталғалы бері бір күнде осынша көп науқас тіркелмеген. Екі күн бұрын 34 адамға коронавирус пневмониясы жұққан. Денсаулық сақтау министрлігінің бейсенбі күнгі хабарламасында осындай ақпарат жазылған. Министрлік коронавируспен байланысты адам өлімі көрсеткішіне байланысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялайды. 20 шілдеде 77 адам коронавирус пен коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Кейінгі апталарда бұрын-соңды болмаған коронавирус көрсеткіштері тіркеліп жатыр. Денсаулық сақтау саласының мамандары мұны “дельта штаммен” байланыстырады. Ол вирустың кәдімгі түріне қарағанда әлдеқайда тез жұғады әрі ушығуы да жылдам.