Елімізде бірлескен аннуитет алу мүмкін дейді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма басшысы Әжібек Сағи. Туыстар мен ерлі-зайыптылардың зейнетақы қорын бірлестіру арқылы, екі адам да ерте зейнетке шығуына болады. “Бірлескен аннуитет ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге және кірістерді осындай аннуитетпен қайта бөлуге мүмкіндік береді”, – дейді маман.