Құжатсыз жүрген көлік жүргізушілері әкімшілік жауапқа тартылады

Елімізде полиция құжатсыз жүрген көлік жүргізушілерін тоқтата алады. Өзімен бірге жеке куәлігі жоқ жүргізушілер әкімшілік жауапқа тартылады. Құқық бұзушылық алғаш рет жасалса, Әкімшілік кодексінің 612-бабының 1-бөлігіне сәйкес ескерту жасалады немесе жүргізушіге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал егер жүргізушіні анықтау мүмкін болмаса, жүргізуші жеке деректерін дұрыс бермеген жағдайда немесе оларды мүлдем бермеген жағдайда тәртіп сақшылары оны әкімшілік қамауға алады, және көлік құралын айып тұрағына жеткізеді. 13 ақпаннан бастап қазақстандықтарға көлік жүргізу кезінде жүргізуші куәліктері мен тіркеу куәліктерін алып жүрмеуге рұқсат етілді. Бірақ олардың жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.