Төтенше жағдай режимі алып тасталған өңірлерде “құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы және құжаттарды, көлік пен жалдамалы пәтерлерді тексеру жалғасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. ІІМ баспасөз қызметі “құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы 19 қаңтардан бастап Астана мен Алматыда, сондай-ақ төтенше жағдай режимі алып тасталған Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өткізілетінін хабарлады. ІІМ азаматтарды жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуге түсінікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды ұсынуға шақырады.