“Оператор РОП” компаниясы утилизация алымын жинау құқығынан айырылды

“Оператор РОП” компаниясы утилизация алымын жинау құқығынан айырылды. Бұл жөнінде 19 қаңтарда үкімет сайты хабарлады. “Оператор РОП” компаниясының “утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді” делінген хабарламада. Компанияның міндетін енді мемлекеттік “Жасыл даму” мекемесі атқарады.