Қазақстанда карантин ережелері бекітілмек. Денсаулық сақтау министрлігі карантин мен шектеулерді енгізу ережелерін және шектеулер енгізілетін аурулардың тізбесін бекітуді жоспарлап отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында осыған қатысты бұйрық жобасы жарияланған.