Алматы әуежайында тестілеу орталығы ашылды

Алматы әуежайында тестілеу орталығы ашылды. Енді орталықтың Grinlab kz зертханасында екі түрлі ПТР тесті тапсыруға болады. Біріншісінен, адамның мұрын ауыз қуысынан жағынды алынады. Ол үшін 3 сағат бұрын тамақ ішуге, тіс жууға, сағыз шайнауға болмайды. Тестілеу құны – 15 500 тг. Талдау нәтижесі 1 күнде дайын болып, клиенттің поштасына жіберіледі.

Ал екінші түрінен Дәл сондай жағынды алынады. Бірақ ол үшін алдын ала дайындықтың қажеті жоқ. Тестілеу құны – 17 500 теңге. Қандағы антиденелерді анықтауға арналған ИФА-тест шамамен 1 күнде дайын болады. Тестілеу құны – 9 000 теңге. Антиденелерге экспресс тест 15 минутта дайын болады. Тестілеу құны – 7000 теңге.