Қазақстанда кедейлер саны 40 мың адамға артты

Өткен жылы Қазақстанда кедейлердің абсолютті саны 39,7 мың адамға артты, деп хабарлайды мониторингтік компания finprom.kz. “Өткен жылы кедейлердің саны 1,031 млн адамға дейін өсті. Әсіресе, кедейшілік қала халқында көп, қаладағы кедейшілік 12%-ке өскен”, – делінген зерттеуде. Осы деректерге сәйкес, Қазақстанда отбасылардың тек 50,5% – ы немесе 10,4 млн адам ғана әл-ауқатты және қанағаттанарлық деңгейде өмір сүреді. Қалған 49,5% отбасы немесе 9,1 миллион адам проблемалық санаттарға жатады.