БАҚ: Жыл басынан бері Ресейге 35 мыңға жуық қазақстандық жұмыс іздеп барған

Биыл бірінші тоқсанда Өзбекстаннан Ресейге 630 859 адам жұмыс іздеп барған. Бұл жөнінде Ресейдің қауіпсіздік қызметі (ФСБ) хабарлағанын “Ведомости” басылымы жазды. Басылымның мәліметінше, 2023 жылдың алғашқы үш айында Ресейге 1,3 миллион еңбек мигранты барған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 есе көп. Ресейге Тәжікстаннан 349 357 адам, Қырғызстаннан 172 591 адам барған. Армениядан Ресейге 47 337, Қазақстаннан 34 783 адам жұмыс іздеп барған деп айтылады. Бұл – тек ресми тіркелген көрсеткіш.