Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды. “Қазақстандықтарға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға мүмкіндік берілді. Ал бұған дейін елге қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көлік иелері ресми тіркеу құжаттарының жоқтығынан қиындықтарға тап болды. Үкімет бұл мәселені шешу үшін азаматтарға конструктор-автокөліктерді заңдастыруға және бастапқы тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті ережелерге өзгерістер енгізді. Мұндай көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым мөлшерлемесі 200 мың теңге болады”, – делінген хабарламада. Айта кетейік, автокөліктерді заңдастыру үшін өтінімдерді Egov қызметтері және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы беруге болады.