Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Мереке күндеріне байланысты мамырдың 7 және 9-і шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істей береді.