25 қарашада Қазақстанда 168 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, бір күнде 82 науқас жазылды. Бір тәулік ішінде пневмонияның бұл түрінен 2 адам қайтыс болды. 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 41 595 адамға жеткен, 30 289-ы жазылған. 434 адам қайтыс болған. Сәрсенбі күні коронавирус жұққаны ПТР-тестпен дәлелденген науқастар арасында 7 адам өлімі тіркелді. Наурыз айынан бері 2008 адам қайтыс болды. Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы олардың өліміне “коронавирус” себеп болды дейді.