Марадонаның өлім алдындағы соңғы сөздері жарияланды

Аргентина құрамасының бұрынғы футболшысы және жаттықтырушысы Диего Марадонаның соңғы сөздері жарияланды. Todo noticias телеарнасының мәліметінше, футболшы өлім алдында өзін жайсыз сезінгенін айтқан, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, Марадона ол кезде үйінде жиені Джонни Эспоситомен, психологпен және мейіргермен болған.

Содан олар бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер келгенде ол дем ала алмай жатқан. Өкінішке қарай, кейінірек Диего Марадонаның жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғаны айтылды.

Атақты футболшы 60 жаста еді. Марадона 25 қарашада, сәрсенбіде таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 21.000-да) Буэнос-Айрестегі Нордельт ауданындағы үйінде қайтыс болды. Футболшы өлімінің себебі – инфаркт. Спортшының үйіне тоғыз жедел жәрдем көлігі келген, бірақ дәрігерлер оны құтқарып қала алмады.