Өткен тәулікте 148 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия. Түркістан облысында бірде-бір адамда COVID-19 анықталмады. Ал, Шығыс Қазақстан мен Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққандар саны әлі көп. Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстанда карантин күшейтілетіні белгілі болды. Өскеменде музей, кинотеатр, театр, фитнес орталық, монша және сауналар жабылды.