Германияда коронавирусты жұқтыру деректері күрт өсіп келеді

Осыған байланысты Бавария өңірінің екінші аймағы локдаун енгізді. Австриямен шекаралас Роттал Ин ауданында барлық мектептер мен балабақшалар жабылды. Жергілікті тұрғындарға тек дәрігерге қаралып, дүкенге шығуға рұқсат. Сондай-ақ спортпен айналысып, үй жануарларын сыртқа шығара алады. Өткен тәулікте Германияда 11 409 науқас анықталды. Алайда осы аптада ауруды жұқтырғандардың саны күрт артатын түрі бар. Экономика министрі Петер Альтмайердің болжамынша, күніне 20 мыңдай адам вирусты жұқтыруы мүмкін. СӘрсенбі күні Германияда федералдық өңірлердің басшылары бас қосып, екінші локдаун енгізу мәселесін қарастырады. Сауалнама нәтижелеріне қарағанда, ел тұрғындарының жартысы карантин шектеулерінің күшейтілуін қолдап отыр.