Енді қазақстандықтар ішкі әуе рейстеріне цифрлық құжаттарын пайдалана алады, деп хабарлайды Хабар 24. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады. Қазір елдің барлық әуежайына «eGov Mobile» сервисі енгізілді. Соның арқасында жолаушылар аталған қосымшаны жүктеп, жеке куәлігінің сандық нұсқасын көрсетуге мүмкіндік алады. Бірақ сервиске алдын-ала тіркелуі қажет. Әуежайда рейске отырғызу немесе құжаттарды рәсімдеу басталған кезде электронды куәлік мамандарға көрсетіледі.